Елші Е.Тоғжанов Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Д.Вахабовпен кездесті

    2026 жылғы 4 тамызда Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Е.Тоғжанов Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Д.Вахабовпен кездесті.

    Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, өзара тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі міндетті іске асыру, сондай-ақ алдағы Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумына дайындық мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іскерлік байланыстарды нығайтуға және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары