Жетісу облысында заңсыз құм-қиыршық тас өндіру дерегі анықталды

    Жетісу облысында заңсыз құм-қиыршық тас өндіру дерегі анықталды

    Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Ескелді аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қаратал өзенінің арнасында рейдтік іс-шара өткізді.

    Тексеру барысында құм-қиыршық тас қоспасын заңсыз өндіру және тиеу фактісі анықталды. Оқиға орнында табиғи материалды заңсыз өндіруге пайдаланылған арнайы техника, оның ішінде трактор-тиегіш ұсталды.

    Аталған дерек бойынша қажетті материалдар жиналып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданатын болады.

    Полиция заңсыз табиғат пайдалану қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіретінін және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

    «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

    Осы бағыттағы рейдтік және профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары