
Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарға күнделікті мониторинг жүргізеді. Бақылау барысында алкогольдік ішімдіктерді ішіп отырған немесе мас күйде жүрген азаматтар анықталады.
Анықталған ақпарат жедел түрде патрульдік полиция жасақтарына жолданып, олар оқиға орнына барып, тиісті шаралар қабылдайды.
Полицейлердің айтуынша, қоғамдық орындарда алкогольді тұтыну көбіне түрлі құқық бұзушылықтарға, атап айтқанда бұзақылыққа, отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға, қоғамдық тәртіпті бұзуға және жол-көлік оқиғаларына себеп болады.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, олардың алдын алуға да ерекше назар аударады. Азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, заң талаптары түсіндіріліп, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы ескертіледі.
Заң мен тәртіп – әрбір азаматтың жауапкершілігінен басталады.









