Қарттар күні: қамқорлық – алғыстың белгісі

    Қарттар күні: қамқорлық – алғыстың белгісі

    Даңғаза сөзді қажет етпейтін жандар бар. Олар кезінде қызмет жолын таңдап, өмірінің ең жарқын жылдарын қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнады. Қарттар күніне орай Жетісу облысының полиция қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагерлері мен зейнеткерлерін арнайы барып құттықтады. Бұл жай ғана кездесу емес, көп жылғы адал қызметтері үшін алғыс білдірудің тағы бір мүмкіндігі болды. Үй шаруасына көмектесу, аула тазалау, көңіл бөліп, бірге уақыт өткізу – бір қарағанда қарапайым дүниелер. Алайда шынайы құрмет дәл осындай ізгі істерден көрінеді. Әр ардагердің артында жылдар бойғы қызмет, мол тәжірибе, үлкен жауапкершілік пен полиция қызметінің дамуына қосқан үлесі жатыр. Бүгінде кезінде ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қорғаған жандар өз еңбектерінің ұмытылмағанын сезінуі маңызды. Көп жылғы қызметке деген ризашылық кез келген сөзден қымбат. Ал қамқорлық пен көңіл бөлу – әрбір жанға лайық құрмет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары