Мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

    Мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

    Үштөбе қаласында түнгі уақытта патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Marino автокөлігін тоқтатып, көлік тізгінінде алкогольдік масаң күйдегі жүргізуші отырғанын анықтады. 34 жастағы жергілікті тұрғын мас күйінде көлік басқарып, жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігіне қатер төндірген. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында қауіпті құқық бұзушылық дер кезінде тоқтатылды. Сот шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Жыл басынан бері Жетісу облысының полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарудың 500 дерегін анықтап, жолын кесті. Полиция ескертеді: мас күйіндегі жүргізуші жолда үлкен қауіп төндіреді. Алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмаңыз. Өз өміріңіз бен өзгенің өміріне қауіп төндірмеңіз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары