
Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында 50 жастағы жергілікті тұрғынның темекі тұқылын белгіленбеген жерге тастап, ортақ пайдаланылатын орынды ластағаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Аталған дерек бойынша азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ластану салдары жойылды. Жетісу облысының Полиция департаменті тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, тазалықты қамтамасыз етуге және ортақ пайдаланылатын орындарға ұқыпты қарауға шақырады. Камералар тіркейді – полиция әрекет етеді. Заң бәріне ортақ.









