«Балаларға қуаныш сыйла»

    Қызылащы ауылдық округінде «Игі істер марафоны» аясында, «Жазғы мейірім апталығы» шеңберінде жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушының ұйымдастыруымен «Балаларға қуаныш сыйла» атты волонтерлік акциясы ұйымдастырылып өтті.
    Акция барысында бүлдіршіндерге балмұздақ таратылып, олардың көңіл-күйін көтеріп, жүздеріне қуаныш пен күлкі сыйланды. 🍦😊
    Ізгілікке үндейтін бұл шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптеу және жастарды игі істерге белсенді қатысуға шақыру.
    💛 Кішкентай қуаныш – үлкен бақыт! Жақсылық жасауға әрқашан асығайық!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары