Кітап оқудың қоғамдағы маңызы

    1 / 3

    «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Қызылащы ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында «Кітап оқудың қоғамдағы маңызы» атты жарнамалық акция өткізілді.

    Акцияның басты мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетті насихаттау.

    Іс-шара барысында кітапханашы мекеме қызметкерлеріне кітап оқудың тұлғалық дамуға, ой-өрісті кеңейтуге,сонымен қатар кітап оқитын ұлт қалыптастырудың маңыздылығы айтылып, әрбір азаматты күнделікті кітап оқуға уақыт бөлуге шақырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары