«Республика: тарих және болашақ»

    1 / 8

    Қазақстан Республикасы күніне орай Қызылащы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Республика: тарих және болашақ» атты дөңгелек үстел өткізілді.
    Шараның мақсаты – оқырмандарға Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихын таныстыру, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау.
    Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Республика күнінің тарихи маңызы, еліміздің қалыптасу жолы, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен болашақ даму бағыттары туралы ой бөлісті. Отанды сүю, ел бірлігін сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және жас ұрпақтың ел дамуына қосар үлесі жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар қатысушылардың білімін арттыру және белсенділігін дамыту мақсатында тақырыпқа байланысты танымдық ойын ұйымдастырылды. Ойын арқылы қатысушылар Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер және еліміздің маңызды тарихи оқиғалары туралы білімдерін ортаға салып, сұрақтарға жауап берді. Шара соңында «Ел тарихы – ерлік шежіресі» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.
    Дөңгелек үстел мазмұнды пікір алмасу мен танымдық ойынш арқылы өтіп, қатысушылардың тарихи танымын кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және туған елге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.
    Қамтылғандар саны-25

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Қызылащы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары