22 қазан күні Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында аудан басшысының қатысуымен есептік кездесу өтті. Жиында Жетібай ауылының әкімі Рахат Қаратаев 2026жылдың 10 айы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндама жасады.
Инфрақұрылым саласы бойынша Жетібай ауылы орталықтандырылған ауыз сумен, табиғи газбен, электр және интернет желілерімен 100 пайыз қамтылғаны айтылды. Бұдан бөлек, көше жарықтарын қалпына келтіру, трансформаторларды ауыстыру және ауыз су құдықтарына жаңа қақпақтар орнату жұмыстары жүзеге асқан.
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында кооперативтер құрылып, тұрғындардың жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алғаны баяндалды.
Сонымен қатар, ауылдағы санитарлық тазалық, бұралқы иттерді залалсыздандыру, тұрғындарды жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған ауқымды жұмыстар қорытындыланды. Атап айтқанда, ауруханалар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, демеушілердің қолдауымен көп балалы және ерекше балалары бар отбасыларға тұрғындарға баспана берілгені атап өтілді. Жиын соңында ауылды абаттандыру, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен газ құбырларын қайта жүргізу жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны атап өтілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі








