
Қызылащы ауылдық округінде «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Қызылащы ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және нашақорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті ақсақалдар алқасының мүшелері және ауыл имамы қатысты.
Жиын барысында әкімдік өкілі баяндама жасап, бүгінгі таңда есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық түрлерінің таралуы қоғамдық қауіпсіздік пен жастардың болашағына төнген үлкен қатер болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, жас ұрпақты теріс әсерлерден сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда жергілікті атқарушы органдар, ақсақалдар мен дін өкілдерінің өзара ықпалдастығының маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде ауыл ақсақалдары мен ауыл имамы қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты пікірлерін білдіріп, ұрпақ тәрбиесіндегі аға буын мен руханияттың рөлін сөз етті. Олар жастарды имандылыққа, ұлттық құндылықтарға, еңбекке және спортқа баулу арқылы зиянды әдеттерден алшақтату қажеттігін айтып, бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуді ұсынды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша:
Ауылдық округ жастары арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларын жүйелі түрде өткізу;
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға тартуды арттыру;
Ұрпақ тәрбиесі мен құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында ақсақалдар алқасымен және дін өкілдерімен бірлескен жұмыстарды одан әрі жандандыру туралы шешімдер қабылданды.






