10–13 тамыз аралығында Түркістан қаласында жасөспірімдер арасында Аударыспақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатта «Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылдық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары жоғары нәтиже көрсетті:
🥈 Марат Ерәділ — жүлделі ІІ орын;
🥉 Айнатаев Бейбіт — жүлделі ІІІ орын.
Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы-оқытушылар: Төлеуов Сағат және Төлеген Мадияр.
Жеңістеріңіз құтты болсын! 🎉
Алдағы жарыстарда да биіктерден көрініп, көк Туымызды көкке көтере беріңіздер! 🇰🇿
Жарайсыңдар, чемпиондар! Жеңісті жолдарың жалғаса берсін! 💪🏆