
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру мақсатында Маңғыстау облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылауды күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларға жол ережелерін сақтау, жылдамдық режимін бұзбау, көлік құралын мас күйінде басқармау және қауіпсіздік талаптарына жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсіндіруде.
⚠️ Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!
Құрметті жүргізушілер! Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өзіңіздің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз.
Қауіпсіз жол – ортақ жауапкершілік! 🚔
https://www.instagram.com/reel/Db8jPmpKWaH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==







