Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Ойтал ауылындағы қант зауытының аумағында өрт тактикалық сабағы өткізілді. Жаттығудың негізгі мақсаты – өрт болған жағдайда жедел әрекет ету, өртті оқшаулау және сөндіру, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы мен құралдарын тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру. Сабақ барысында жеке құрамның өзара іс-қимылы мен жауынгерлік іс-қимылдары пысықталып, кәсіби даярлығы арттырылды.
Жамбыло облысы ТЖД