
Ақтау қаласында жолдарды күтіп ұстау жөніндегі шарт талаптарына сәйкес мердігер мекеме тарапынан тиісті жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Қала аумағындағы автомобиль жолдарындағы жол таңбаларын жаңарту, жолдарды санитарлық тазалау, сондай-ақ қураған шөптерді ору және жинау жұмыстары күнделікті негізде жүргізілуде.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі түрде жалғасын табады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі









