
Аудандық мәслихат төрағасы А.С. Асанованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті XXXIX сессиясы өтті.
Күн тәртібін қарау барысында депутаттар Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаровтың өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін тыңдады.
Аудан әкімі өз сөзінде ауданның ең өзекті мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Қазіргі уақытта «Тимирязев – Сергеевка» республикалық автомобиль жолын жөндеу бойынша екі жылдық жобаны іске асыру жалғасуда.
Мичурино ауылында тарату желілерін реконструкциялау жобасы бойынша жұмыстар жүріп жатыр. 2025 жылы 3,3 км құбыр төселіп, 20 құдық орнатылды. Ағымдағы жылы көлденең бағытталған бұрғылау (КББ) әдісімен қосымша 17 км құбыр желісі тартылды, оның ішінде 7 км магистральдық және 10 км абоненттік желілер бар, сондай-ақ 10 құдық орнатылды.
Тимирязев ауылында жаңа электр беру желілері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды салу жобасын іске асыру жалғасуда. Жобаның жалпы құны 709,1 млн теңгені құрайды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы ұзындығы 17 км болатын «Тимирязев – Докучаево» автомобиль жолын жөндеу бойынша екі жылдық жобаны іске асыру басталды. Жобаның жалпы құны 981,3 млн теңгені құрайды. Шартқа сәйкес, жұмыстарды аяқтау 2027 жылға жоспарланған.
Есепті қорытындылай келе, Ерлан Қайырұлы қол жеткізген нәтижелермен тоқтап қалмай, ауданды одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру маңызды екенін атап өтті. «Біз Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді орындау және барлық жоспарланған көрсеткіштердің іске асырылуын қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейтін боламыз. Алда үлкен жоспарлар мен атқарылатын ауқымды жұмыстар тұр», - деп атап өтті аудан әкімі.
Талқылау қорытындысы бойынша аудандық мәслихаттың депутаттық корпусы Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаровтың есебін бірауыздан бекітті.
Бұдан әрі депутаттар аудан бюджетіне, сондай-ақ әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізді.









