Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Чистополь ауылдық округі әкімінің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты

«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Чистополье ауылында ауылдық округ тұрғындарымен іс-шара өткізілді. Кездесу барысында заңнаманы сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыру мәселелері қаралды. Тұрғындарға түсініктемелер беріліп, оларды мазалаған сұрақтарға жауап берілді.








