
Өнеркәсіптік қауіпсіздік – тұрақты дамудың және адам өмірі мен еңбегін сенімді қорғаудың негізі. Осы бағыттағы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында республика өңірлерінде кешенді бақылау шаралары жүргізілуде.
Талдықорған қаласындағы кабел өнімдерін шығаратын нысанда заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды. Кәсіпорын өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясынсыз жұмыс істеп, өндірістік бақылау қызметі болмаған. Нәтижесінде басшылыққа тиісті нұсқама беріліп, кәсіпорынға айыппұл салынды.Қызылордаоблысы:Жалағаш ауданындағы «Сұлутабан», «Қаракөл» және «Бестөбе» кен орындарында («Кристалл Менеджмент» АҚ нысандары) жоспарлы тексеру жүргізілді. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мерзімі белгіленді.Ұлытауоблысы:«Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес, Төтенше жағдайлар департаменті «Өркен-Атасу» өкілдігі аумағындағы «Өркен» ЖШС нысанында қауіпсіздік талаптарының сақталуына кешенді бақылау жүргізуде.
Аталған тексеру шаралары өндірістік апаттардың алдын алуға және қауіпті нысандарда еңбек қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған.









