Солтүстік Қазақстан облысында мұнаралы крандарды қауіпсіз пайдалану бағытындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілді

    Солтүстік Қазақстан облысында мұнаралы крандарды қауіпсіз пайдалану бағытындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілді

    Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы өңірдегі құрылыс нысандарында мұнаралы крандарды пайдалану қауіпсіздігін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін жалғастыруда. Іс-шаралар аясында басқарма мамандары жүк көтергіш техниканы пайдаланатын кәсіпорындармен өзара іс-қимылды ұйымдастырды. Кәсіпорын басшылары мен мұнаралы кран машинистеріне Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ жүк көтергіш механизмдерді қауіпсіз пайдалану қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі еске салынды.

    Профилактикалық түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударылды. Машинистерге мұнаралы крандарды қауіпсіз пайдаланудың негізгі талаптары қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды. Ал ұйым басшыларына еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол бермеу жөніндегі ұсынымдар қамтылған профилактикалық хаттар жолданды.

    Өткізіліп жатқан іс-шаралар өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуын алдын алуға, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде апаттар мен жазатайым оқиғалардың туындау қаупін төмендетуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары