Елордада вандализм фактілерінің алдын алу жұмыстары жалғасуда

    ·

    Қала прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдары вандализмге қарсы күрес жұмыстарын жалғастыруда.

    2026 жылдың басынан бастап бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 94 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 67 адам қамаққа алынды, жалпы сомасы 5 млн теңге 27 адамға айыппұл салынды.

    Мысалы, ағымдағы жылдың 4 маусымда сағат 16.30 шамасында астаналық тұрғын мас күйінде полиция бөлімінде есіктің әйнегін қасақана сындырып, 90 мың теңге сомасына шығын келтірген. Ол 10 тәулікке қамаққа алынды.

    Басқа жағдайда 38 жастағы қала тұрғыны Шейх Кунта Қажы атындағы мешіттің маңдайшаларын жұлып лақтырып тастаған. Нәтижесінде ол 15 тәулікке қамаққа алынды.

    Ұқсас оқиға 20 мамырда сағат 17.30 шамасында 20 жастағы елорда тұрғыны қасақана шлагбаумды зақымдаған. Оған 50 АЕК айыппұл салынды.

    Прокуратура қала тұрғындары мен қонақтарын айналасындағыларға құрмет көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады және аталған әрекеттерді бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1 бабына сәйкес 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаға немесе 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келетінін ескертеді.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары