Алматыда тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру жұмыстары жалғасуда

    Алматыда тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру жұмыстары жалғасуда

    лматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңес беріледі

    Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру және көппәтерлі тұрғын үй қорын басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Бұл ретте пәтер иелерін қолданыстағы заңнама талаптары және ортақ мүлікті тиімді басқару тетіктері туралы жан-жақты ақпараттандыруға ерекше көңіл бөлінеді.

    Алматыда 10 мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үй бар. Оларды тиімді күтіп ұстау тек басқарушы ұйымдардың жұмысына ғана емес, сондай-ақ меншік иелерінің ортақ мүлікті басқару ісіне белсенді қатысуына да байланысты.

    Тұрғын үй инспекциясы құзыреті аясында меншік иелерінің жиналысын ұйымдастырады, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметіне бақылау жүргізеді, қажет болған жағдайда уақытша басқарушы компанияларды тағайындайды, сондай-ақ мүлік иелері бірлестіктері төрағалары ауысқан кезде әдістемелік қолдау көрсетеді.

    Мамандардың айтуынша, тұрғындардың жиі көтеретін мәселелері қатарында ортақ мүлікті пайдалану тәртібі, МИБ төрағаларының өкілеттігі, ПИК-ті қайта тіркеу, сервистік ұйымдармен келісімшарт жасау және тұрғын үйді күтіп ұстау қызметтерінің сапасы бар. Бұл мәселелердің басым бөлігі тұрғын үй заңнамасын жеткілікті деңгейде білмеуден туындайды.

    Басқарма көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруға қатысты барлық мәселе қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешілуге тиіс екенін еске салады. Меншік иелерінің жалпы жиналыстарға белсенді қатысуы және шешімді уақытылы қабылдауы тұрғын үй қорын тиімді басқаруға әрі үйлерді күтіп ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

    Тұрғындарға практикалық көмек көрсету мақсатында Басқарма ПИК қауымдастықтарымен бірлесіп пәтер иелеріне, МИБ төрағаларына, ПИК өкілдеріне және басқарушы ұйымдардың қызметкерлеріне арналған тегін әдістемелік және құқықтық кеңестер ұйымдастырды.

    Кеңес мына мекенжайларда беріледі:

    * Алматы қаласының Тұрғын үй инспекциясында (Достық көшесі, 85, 1-қабат, операциялық зал) – әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 09:00-ден 12:30-ға дейін;
    * Түрксіб ауданының Ресурстық орталығында (Т. Сауранбаев көшесі, 2) – әр дүйсенбі күні сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін;
    * Алматы қаласының ПИК қауымдастығында (12-шағынаудан, 2-үй, 42-кеңсе).

    Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы тұрғындарды үйлерін басқару ісіне белсенді қатысуға, меншік иелерінің жалпы жиналыстарына қатысуға және құқықтық мәселелер бойынша білікті мамандардың кеңесіне жүгінуге шақырады. Тұрғындар, басқарушы ұйымдар және мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тұрғын үй қорын сапалы басқаруға және жайлы қалалық ортаны дамытуға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары