
Алматылық спортшы Дамир Тоқтаров Жапонияның Айти мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстанның Азия ойындарындағы спорттық құзға өрмелеуден жеңіп алған алғашқы медалі. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.
19 жастағы спортшы Қазақстан құрамасы сапында «жылдамдық» сыны бойынша өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде қашықтықты 4,76 секундта бағындырып, төртінші нәтиже көрсетті. Сонымен қатар ол Қазақстан рекордын жаңартып, жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды.
Финалда Дамир Тоқтаров үшінші орын алып, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Дамир Тоқтаров Алматы қаласының атынан сынға түседі. Бұған дейін ол халықаралық додаларда Қазақстан намысын қорғап, жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болған. Атап айтқанда, 2024 жылы спортшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Осылайша, Дамир Тоқтаров Қазақстан қоржынына Азия ойындарында спорттық құзға өрмелеуден алғашқы медаль салды.








