Алматының Бостандық ауданында Байсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

    Алматының Бостандық ауданында Байсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

    2026 жылы 3 қазан сағат 09:00-ден 5 қазан сағат 20:00-ге дейін Алматының Бостандық ауданындағы Байсейітова көшесінің Абай даңғылынан №45 үйге дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС өкілдері хабарлады.

    Уақытша шектеу жылу желісінің магистральдық учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Жұмыс жылыту кезеңінде штаттан тыс жағдайдың туындау қаупін барынша азайту мақсатында жүргізіліп жатыр.

    Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Тұрғындардан түсіністікпен қарауды өтінеміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары