
Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, заңсыз нысан Розыбакиев көшесі, 292 мекенжайында орналасқан.
Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсатсыз тұрғын үйге қосалқы нысан салып, оны дүкен және дөңгелек жөндеу орны ретінде пайдаланғаны анықталды.
Басқарма өкілдері меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылдағаннан кейін материалдар Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Сот заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы шешім шығарды.
Сот шешімін орындау аясында нысанды меншік иесі өз күшімен бұзды.








