Алматылық Тамирлан Тілеулес таеквондодан Азия ойындарының тарихи алтынын жеңіп алды

    Алматылық Тамирлан Тілеулес таеквондодан Азия ойындарының тарихи алтынын жеңіп алды

    Алматылық спортшы Тамирлан Тілеулес жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық таеквондошы атанды. Ол Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

    58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Тамирлан Филиппин өкілі Курт Брайан Барбозамен кездесті. Тартысты жекпе-жекте жеңіске жеткен алматылық спортшы Қазақстан таеквондосының тарихына өз есімін жазды.

    Алтын медальға апарар жол оңай болған жоқ. Алғашқы белдесуінде Тамирлан Оман спортшысын жеңді. Ширек финалда Иран өкілі, әлем чемпионы Аболфазл Зандиді ұтса, жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ан Хянсиктен 2:1 есебімен басым түсті.

    Бұған дейін қазақстандық таеквондошылар Азия ойындарының финалына үш рет шыққанымен, күміс жүлдемен шектелген еді. Тамирлан Тілеулес тұғырдың ең биік сатысына көтерілген алғашқы қазақстандық таеквондошы атанды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары