Тексеру барысында уәкілетті органдардың кәсіпкерлердің санитариялық – эпидемиологиялық қорытынды алу туралы өтініштерін техникалық қателіктерге, құжаттарға қосымшалардың болмауына және басқа да формальды себептерге сілтеме жасап жүйелі түрде кері қайтарғаны анықталды.
Құжатты қайтадан тапсырған кезде бір өтініш берушіге әр жолы бұрын айтылмаған жаңа бас тарту себептері көрсетілген жағдайлар тіркелді.
Уәкілетті органдар нақты әрі дәлелді негіздемелердің орнына жалпы сипаттағы бағалау тұжырымдарын келтіріп отырған.
Сонымен қатар өтініштерді түпкілікті шешім қабылдамай бірнеше рет кері қайтару тәжірибесі қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына алып келген.
Бұл кәсіпкерлерге елеулі кедергілер туғызып, олардың құқықтарының шектелуіне себеп болған.
Тексеру қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Кәсіпкерлердің құқықтарының сақталу мәселесі прокуратураның ерекше бақылауында.
Астана қаласының прокуратурасы




