Қарты бар үйдің — қазынасы бар!

    Қарты бар үйдің — қазынасы бар!

    Құрметті ауылымыздың ардақты ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері!

    Сіздерді Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!🌷Сіздер — ауылымыздың ақылшысы, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар берер өнегелі жандарсыздар. Ақ баталарыңыз бен ізгі тілектеріңіз әр шаңыраққа береке, әр жүрекке жылу сыйлайды.

    Сіздерге ең алдымен мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Балаларыңыздың қуанышын, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп, әрдайым төрде абыроймен отырыңыздар!

    Ақсақалдарымыздың ақылы ортаймасын, әжелеріміздің мейірімі таусылмасын! Ауылымыздың ынтымағы мен бірлігі жарасып, үлкендеріміздің батасы әрдайым елге қорған, кейінгі ұрпаққа жол болсын.

    Жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден қуаныш кетпесін! Қарттықтарыңыз қадірлі, ғұмырларыңыз мәнді де сәнді болсын!
    Қарттар күні құтты болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары