1995 жылғы 19 қазанда Мемлекеттік төтенше жағдайлар комитетін құру туралы жарлыққа қол қойылды. Дәл осы кезден бастап құтқарушылар жалынмен арпалысып, қауіппен бетпе-бет келіп, қарапайым жандардың жүрегіндегі қорқынышты сейілтіп келеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің 2026 жылғы деректеріне сәйкес жыл басынан бері құтқарушылар 70 мыңнан аса қауіпті жағдайдың алдын алған. Осы уақыт аралығында 8 мыңнан астам адамды құтқарып, 9 мыңнан астам адам қауіпті аймақтардан эвакуациялаған. Сонымен қатар 3 мыңға жуық зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген.
Бұл көрсеткіштердің артында асқан батырлық, құтқарушылардың жанқиярлығы мен тынымсыз еңбегі жатыр.
Құтқарушылар күні – осындай жауапты міндетті атқарып жүрген мамандарға құрмет білдіріп, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын айшықтай түсетін ерекше мереке.







