1 / 6
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен аудандық терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға ҰҚК Түркістан облысы департаментінің Созақ аудандық бөлімінің басшысы Мейрамбек Мауленов, аудандық құқық қорғау органдарының, қорғаныс істері және төтенше жағдайлар бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ жауапты мекеме өкілдері, бөлім басшылары, ауылдық округ және кент әкімдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде ауданда терроризмнің алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігін күшейту және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Раймқұлов, Шолаққорған ауылдық округінің әкімі Жеңісәлі Төлепбергенов, Қыземшек кентінің әкімі Марс Әбіл және аудандық терроризмге қарсы комиссияның хатшысы Ұлжан Шекеева баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ақпарат берді.
Жиында терроризм қатерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу, халық арасында түсіндіру шараларын күшейту және тиісті нысандардың қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы жауапты сала басшылары мен елді мекен әкімдеріне қауіпсіздік шараларын тұрақты бақылауда ұстап, профилактикалық жұмыстарды сапалы ұйымдастыруды тапсырды.
Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және терроризм қатерінің алдын алу бағытында бірқатар нақты міндеттер айқындалды.









