ТҮРКІСТАН: АРДАГЕРЛЕР «ВАЛЬС КОРОЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ

    ТҮРКІСТАН: АРДАГЕРЛЕР «ВАЛЬС КОРОЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ

    Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік бағдарлама Түркістан музыкалық драма театрында жалғасты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің аға буын өкілдерімен бірге «Вальс королі» қойылымын тамашалады.

    Театрдағы жүздесу барысында ардагерлерге мәдени тынығуға мүмкіндік жасалып, мерекелік көңіл күй сыйланды. Өнер ордасында бас қосқан аға буын өкілдері қойылымды тамашалап, театр ұжымының шығармашылығына ризашылығын білдірді.

    Қойылымнан кейін облыс әкімі мен ардагерлер келесі іс-шара өтетін орынға қоғамдық автобуспен бірге барды. Жол бойында Нұралхан Көшеров аға буын өкілдерімен еркін әңгімелесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

    Қариялар Түркістанның бүгінгі тынысы, қаланың дамуы және ел өміріндегі өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісті.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары