1 / 5
«Dialogue of Cultures: Мәдениеттер диалогы 2026» атты II халықаралық симпозиумның қорытынды жиыны өтті. Маңызды басқосуға Қазақстан Республикасының Конститутциялық сотының төрағасы Эльвира Азимова, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Құрылтай депутаттары, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында симпозиум аясында көтерілген мәселелер қорытындыланып, қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді. Әртүрлі елдерден келген ғалымдар мен сарапшылардың басын қосқан халықаралық жиын мәдениетаралық байланысты нығайтып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, халықаралық симпозиумды келесі жылы да дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









