Қызмет ардагері: абырой мен кәсібилік жолы

    Қызмет ардагері: абырой мен кәсібилік жолы

    1 қазан – Қарттар күніне орай Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшы құрамы азаматтық қорғау органдарының ардагері Насретдин Зайдович Балтыновты мерекемен құттықтады.

    Насретдин Зайдовичтің азаматтық қорғау саласындағы еңбек жолы 1983 жылы басталған. Қызмет жылдарында күрделі және ірі өрттерді сөндіруге қатысып, жауапты сәттерде жедел шешім қабылдай білетін білікті маман әрі басшы ретінде танылды. Әр жылдары инженер, аға инженер, бөлім бастығы, басқарма бастығы және департамент бастығының орынбасары қызметтерін атқарып, сала дамуына елеулі үлес қосты.Кәсіби еңбегі үшін І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Еңбек ардагері» медалімен және басқа да ведомстволық марапаттармен наградталды.

    Ардагерлердің өнегелі жолы – бүгінгі буынға бағыт, кейінгі ұрпаққа тағылым. Қарағанды облысы ТЖД ұжымы Насретдин Зайдовичке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тілейді!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары