Елорда прокурорлары алимент төлеушілерден 2 млрд теңгеден астам қаржы өндіріп алды

    Астана қаласының прокуратурасы алимент өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалуына жүргізілген тексеру барысында сот орындаушыларының 5 мыңнан астам әрекетсіздік фактісін анықтады.

    Сонымен қатар, 5,5 мыңборышкер өз балаларына нақты 26 млрд теңге көлеміндегі табысын жасырған.

    Елорда прокурорларының бастамасымен алимент төлемейтіндермен күрестің жаңа әдісі енгізілді – бұдан былай өндіріп алу кезінде бұрын жеке сот орындаушыларының назарынан тыс қалған борышкерлердің арнайы техникасы да қамтылатын болады.

    Жаңа тәсілдің арқасында прокурорлар жалпы құны 2 млрд теңге болатын 126 бірлік құрылыс, жол және ауыл шаруашылығы техникасын анықтады.

    Бүгінгі таңда прокуратура 2,5 мың балалардың пайдасына 2 млрд теңгеден астам алимент өндіріп алды.

    Тексеру нәтижелері бойынша анықталған миллиардтаған кірістер мен арнайы техникаға өндіріп алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ әрекетсіздікке жол берген кінәлі тұлғаларды қатаң жауапкершілікке тарту жөнінде Әділет министрлігіне қадағалау актісі енгізілді.

    Елорда прокуратурасы борышкерлерді балаларын асырау жөніндегі міндеттерін орындаудан жалтармауға шақырады.

    Астана қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының прокуратурасы" жаңалықтары