
Түпқараған ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері «Hi-Tech» және «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында профилактикалық кабинетте тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Hi-Tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы ақпарат беріліп, банк карталарының деректерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, сондай-ақ тек ресми интернет-ресурстарды пайдалану қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Кездесу барысында азаматтарға есірткінің қоғамға және адам денсаулығына тигізетін зияны, сондай-ақ есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар үшін көзделген заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді.
Іс-шара соңында тұрғындарға заң талаптарын қатаң сақтау, кибералаяқтық әрекеттеріне алданбау және есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі ескертілді.
https://www.instagram.com/p/DblFYFOAqwA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==









