Адам саудасының алдын алу: ақпараттық-насихат пойызы Алматыға жетті

    Адам саудасының алдын алу: ақпараттық-насихат пойызы Алматыға жетті

    30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай Қазақстанда «Адам саудасы – ауыр қылмыс» атты республикалық ақпараттық-насихат науқаны өтті.

    Науқан аясында еліміз бойынша төрт арнайы пойыз жолға шықты. Соның бірі Маңғышлақ–Алматы бағытымен жүріп, жол бойындағы вокзалдарда полиция қызметкерлері, заңгерлер және өзге де мамандар жолаушыларға тегін құқықтық кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық жадынамалар таратты.

    Маңғыстау облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Айдар Абутхановтың айтуынша, адам саудасы психологиялық қысым көрсету, жеке құжаттарды алып қою, сексуалдық қанау және өзге де заңсыз әрекеттер арқылы жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан азаматтар өз құқықтарын біліп, күмәнді жағдайларға бейжай қарамауы қажет.

    Науқанның мақсаты – адам саудасының алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

    https://www.instagram.com/reel/DbkvaEMsrsW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары