НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
    Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары және қонақтары!
    2026 жылғы 4 тамыз күні Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінің Жеңіс көшесіндегі С.Рақымов мектебінің аумағында «Мақтаарал-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде.
    Оқу-жаттығудың мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Мақтаарал аудандық жедел штабының мүшелері мен жедел топтарының терроризм қатерлеріне қарсы әрекет ету кезіндегі өзара іс-қимылын жетілдіру, практикалық дағдылары мен кәсіби даярлық деңгейін арттыру.
    Іс-шара барысында шартты терроризм актісі туындаған жағдайда жедел штаб күштері мен құралдарын жедел хабардар ету, жинақтау және оқиға орнына жеткізу тәртібі пысықталып, тиісті іс-қимыл алгоритмдерінің тиімділігі тексеріледі.
    Осыған байланысты аудан тұрғындарынан өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Оқу-жаттығу кезінде арнайы техника мен қызметтік автокөліктердің қозғалысы, сондай-ақ жекелеген аумақтарда уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
    Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және азаматтарды сабыр сақтап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырамыз.

    Терроризмге қарсы күрес жөніндегі
    Мақтаарал аудандық жедел штабы
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мақтаарал ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары