
Маңғыстау облысында патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында ауыр хәлде жатқан азаматқа дер кезінде көмек көрсетіп, оның ауруханаға жедел жеткізілуіне ықпал етті.
Оқиға Ақтау – Жаңаөзен автожолында болған. Қызмет атқару барысында Маңғыстау облысы патрульдік полиция ротасының экипажы жарық шамдарын жағып, белгі берген автокөлікті байқайды.
Көліктегі азаматтың көмек сұрап тұрғанын түсінген полицейлер бірден тоқтаған. Жүргізуші көліктің ішінде денсаулығы күрт нашарлаған адамның бар екенін айтып, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізуге көмектесуді сұраған.








