Шымкент полициясы сапқа тұрды

    ·
    Шымкент полициясы сапқа тұрды

    Шымкент қаласында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлерінің дәстүрлі гарнизондық тарату рәсімі өтті.

    Саптық тарату рәсімін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұхтар Жұмабайұлы Қожаев өткізді. Жиын барысында жеке құрамның саптық дайындығы тексеріліп, қызметтік тәртіпті, заңдылықты және полиция қызметкерінің кәсіби әдеп қағидаларын нығайтуға бағытталған «Саптағы заңдылық» атты бір апталық іс-шара басталғаны жеткізілді.

    Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік тәртіпті нығайту және жеке құрамның кәсіби мәдениетін арттыру. Осыған байланысты басшыларға қарамағындағы қызметкерлердің қызметтік тәртібін, заң талаптарын сақтауын және моральдық-психологиялық ахуалын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.
    Саптық тарату барысында бірқатар қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтар табысталды. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер және Петропавл қаласында өткен республикалық волейбол турнирінде II орын иеленген Шымкент қаласы Полиция департаментінің құрама командасы марапатталды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары