Кезекті техникалық оқыту өткізілді

    ·
    Кезекті техникалық оқыту өткізілді

    2026 жылғы 24 шілдеде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Ақтөбе облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Кемерова Газиза Нұғметоллақызы Мемлекеттік корпорация мамандарына техникалық оқыту өткізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, мамандардың практикалық дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.

    Іс-шара барысында қатысушыларға практикалық қызметте туындайтын мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, проблемалық жағдайлар қарастырылды. Оқыту қорытындысы бойынша мамандар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары