
Кеңес барысында Департамент басшысының орынбасары Куркинбаева Г.У. өңірдегі эпидемиологиялық ахуал және жоспарлы профилактикалық екпелермен қамтылу деңгейі, иммунопрофилактика, туберкулез бойынша жүргізілген мониторинг қорытындылары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ басқарма басшылары өз бағыттары бойынша бірінші жартыжылдықтағы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелерді талқылады.
Кеңесте білім беру және тәрбиелеу объектілеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы, оба және басқа да аса қауіпті инфекциялар бойынша зерттеу қорытындылары, мемлекеттік тапсырыс аясындағы зертханалық зерттеулердің орындалуы, ауыз сумен қамтамасыз ету объектілеріне жүргізілген қадағалау, халық тұтынатын өнімдердің Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін бақылау мониторингі, сондай-ақ жедел енжар сал ауруы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуына жүргізілген эпидемиологиялық қадағалау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, «СЭҚ» ақпараттық жүйесіндегі жұмыстардың орындалу барысы, тергеп-тексеру қорытындыларын Департаменттің сайтына жариялау тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында атқарылған жұмыстар, мемлекеттік қызметтер көрсету және жеке, заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, сондай-ақ ҚР ДСМ АЖ «Вакцинациялау» модуліне екпелер бойынша мәліметтерді енгізу барысы талқыланды.
Кеңес соңында қаралған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылауға алу тапсырылды.









