2026 жылғы 23 қыркүйекте Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында топтасқан тағамнан улану және жіті ішек инфекцияларының алдын алу, сондай-ақ балық өнімдерін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Семинарды Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Баян Сатқанбаева ашып, тағамнан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алуда санитариялық талаптарды сақтау, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және профилактикалық шараларды күшейтудің маңыздылығына тоқталды.

    Семинар барысында Маңғыстау облысының СЭБД тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы Гүлжайна Манашева «Балық өнімдерін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада балық өнімдерін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық талаптар, өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» сервистік бағдарламалық өнім жүйесіне (ИС-СЭН базасы) объектілердің толықтай енгізілуі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтары тыңдалып, пікір алмасу және сұрақ-жауап форматында талқылау жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары