Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қаладағы медициналық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.
Кеңес барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ медициналық ұйымдардың жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы міндеттер айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді.
Басты мақсат — медициналық көмектің сапасын арттырып, оны пациенттер үшін барынша қолжетімді әрі жайлы ету.






