Қант диабетінің алдын алу

    Қант диабеті – қандағы қант мөлшерінің жоғарылауымен байланысты созылмалы ауру. Оның алдын алу үшін күнделікті өмір салтына көңіл бөлу маңызды.
    Қант диабетінің алдын алу үшін:
    🥗 Дұрыс тамақтаныңыз
    Көкөніс пен жемістерді, пайдалы әрі табиғи өнімдерді көбірек тұтыныңыз. Қантты сусындар, тәттілер, фастфуд және майлы тағамдарды шектеңіз.
    🚶 Көбірек қозғалыңыз
    Күн сайын серуендеп, дене жаттығуларын жасауға тырысыңыз. Белсенді өмір салты денсаулықты нығайтып, артық салмақтың алдын алуға көмектеседі.
    ⚖️ Дене салмағыңызды бақылаңыз
    Артық салмақ 2-типті қант диабетінің даму қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан дұрыс тамақтанып, тұрақты қозғалыста болған жөн.
    🚭 Темекіден бас тартыңыз
    Темекі шегу ағзаға кері әсер етеді және көптеген созылмалы аурулардың қаупін арттырады.
    🩺 Денсаулығыңызды тексеріп тұрыңыз
    Қандағы қант деңгейін уақытылы тексеру ауруды немесе оның бастапқы белгілерін ерте анықтауға мүмкіндік береді.
    Есте сақтаңыз!
    Дұрыс тамақтану + күнделікті қозғалыс + дене салмағын бақылау + тұрақты медициналық тексеру – қант диабетінің алдын алудың маңызды қадамдары.
    Өз денсаулығыңызға бүгіннен бастап көңіл бөліңіз! 💚

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары