"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі

    Департамент туралы

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау салаларында басшылықты жүзеге асыратын, құзыретінің шегінде облыс аумағында реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шаралар тұрақты жүргізілуде.

    Ашу

    2026 жылғы 16 қазанда Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындылары бойынша кеңес өтті.

    Ашу

    2026 жылғы 23 қыркүйекте Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында топтасқан тағамнан улану және жіті ішек инфекцияларының алдын алу, сондай-ақ балық өнімдерін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

    Ашу

    Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу

    Ашу

    Қатерлі ісіктің алдын алу

    Ашу

    Семіздіктің алдын алу

    ОтырысАяқталды

    Бейнеу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында Әдеп жөніндегі уәкілмен кеңес өткізілді

    Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі К.Б.Матаеваның қатысуымен 2025 жылдың 20 қарашасында Бейнеу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында семинар-кеңес өткізілді. Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кейбір мәселелер туралы талқыланды. Сонымен қатар, құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеу, ойын мекемесіне барудан тартыну туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау мақсатында басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында анонимді сауалнама жүргізілді.

    25 қараша 2025 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қандай қызметке лицензия беріледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы ҚР ДСМ-126 бұйрығымен « Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету түрі жаңадан қосылды. Бұл мемлекеттік қызмет түрі 2024 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Департаментпен көрсетілетін болады.

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері қандай?

    Жауап

    Эпидемиялық мәні жоғары объектілерге және жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру -10 жұмыс күні, Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру- 13 жұмыс күні Маман сертификатын беру-10 жұмыс күні Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру-15 жұмыс күні

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызмет көрсету талаптары салалық қандай нормативтік құжатпен реттелген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен реттелген. Сонымен қатар осы бұйрыққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы ҚР ДСМ-126 бұйрығымен өзгерістер мен толықтыру енгізілді. "Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы.

    Сұрақ

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтердің қандай түрлері көрсетіледі?

    Жауап

    Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (мемлекеттік қызметті аумақтық басқармалар көрсетеді) Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (мемлекеттік қызметті Департамент және аумақтық басқармалар көрсетеді) 3.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру (мемлекеттік қызметті аумақтық басқармалар көрсетеді) 4.Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру (мемлекеттік қызметті санэпидбақылау Департаменті көрсетеді) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру (мемлекеттік қызметті санэпидбақылау Департаменті көрсетеді) Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру (мемлекеттік қызметті ҚР ДСМ санэпидбақылау Комитеті көрсетеді)

    Сұрақ

    Мектеп асханаларында газдалған сусындарды, фаст- фудтарды балаларға сатуға рұқсат бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының 7-тарау 119-тармақшасына сәйкес мектеп асханаларында газдалған сусындар мен фаст-фудтарды сатуға болмайды.

    Сұрақ

    Жұқпалы ішек ауруларынан қалай сақтануға болады?

    Жауап

    Жұқпалы ішек аурулары – жеке бас тазалығын және қоғамдық орындарда санитариялық –гигиеналық шараларды сақтамаған кезде жұғады. Ауру ластанған тұрмыстық заттар, ойыншықтар, емізік, лас қолдар арқылы, дұрыс өңделмеген, сапасыз тағам өнімдерін қолданған кезде, қайнамаған су ішкен және дұрыс жуылмаған жеміс- жидектер арқылы жұғуы мүмкін. Аурудың клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, бастың айналуы және ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, іштің кебуі және бүріп ауыруы, мазасыздану, шөлдеу. Сондықтан, егер өзіңіз немесе балаңыз ауырып қалып, бұл белгілер болса, өздігіңізбен емделмей дереу дәрігерге қаралыңыз!

    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жалпы конкурс

    Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларының бос және уақытша бос лауазымдарына жалпы конкурс жарияланып жатқандығын хабарлаймыз. Біліктілік талаптарына келесі мамандықтар сәйкес келеді: 1.Биотехнология 2.Азық-түлік өнімдерінің технологиясы 3.Гигиена және эпидемиология 4.Қоғамдық денсаулық сақтау 5.Тағам қауіпсіздігі Медициналық-профилактикалық іс 7.Жалпы медицина 8.Экология 9.санитарлық фельдшер. Жалпы конкурс туралы хабарландырулар «Е-қызмет» (e-Qyzmet) ақпараттық жүйесінің ашық порталында https://eqyzmet.gov.kz/ сілтемесі арқылы жарияланады.

    Жарияланды: