Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шаралар тұрақты жүргізілуде.

    1 / 5

    Мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлық пен өзге де көріністердің алдын алу және оларға жол бермеу шеңберінде 2026жылдың 22 қазанында Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №43 мекемесіне экскурсия өткізілді.
    Маңғыстау облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің және Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мемлекеттік қызметшілерін №43 мекемесінің шарттарымен таныстырды.
    Осы іс-шараның мақсаты -мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру.
    Түзеу мекемелеріне бару тәжірибесі түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары