Жұқпалы ішек ауруларынан қалай сақтануға болады?
Жұқпалы ішек аурулары – жеке бас тазалығын және қоғамдық орындарда санитариялық –гигиеналық шараларды сақтамаған кезде жұғады. Ауру ластанған тұрмыстық заттар, ойыншықтар, емізік, лас қолдар арқылы, дұрыс өңделмеген, сапасыз тағам өнімдерін қолданған кезде, қайнамаған су ішкен және дұрыс жуылмаған жеміс- жидектер арқылы жұғуы мүмкін.
Аурудың клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, бастың айналуы және ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, іштің кебуі және бүріп ауыруы, мазасыздану, шөлдеу.
Сондықтан, егер өзіңіз немесе балаңыз ауырып қалып, бұл белгілер болса, өздігіңізбен емделмей дереу дәрігерге қаралыңыз!