Санитариялық-қорғаныш аймағы туралы мағлұмат берсеңіз

    ·
    Сұрақ

    Санитариялық-қорғаныш аймағы туралы мағлұмат берсеңіз

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің айналасында СҚА белгіленеді. Санитариялық-қорғаныш аймағы дегеніміз арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ.Объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты өлшемдері көзделген:

    1) қауіптіліктің I сыныбындағы объектілер 1000 метрден (бұдан әрі – м) және одан жоғары;

    2) қауіптіліктің IІ сыныбындағы объектілер 500 м-ден 999 м-ге дейін;

    3) қауіптіліктің III сыныбындағы объектілер 300 м-ден 499 м-ге дейін;

    4) қауіптіліктің IV сыныбындағы объектілер 100 м-ден 299 м-ге дейін;

    5) қауіптіліктің V сыныбындағы объектілер 50 м-ден 99 м-ге дейін.

    Адам денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатындасанитариялық-қорғаныш аймағы мен санитариялық ажыраулардың өлшемдері сақталу қажет.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қандай қызметке лицензия беріледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы ҚР ДСМ-126 бұйрығымен «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»мемлекеттік қызмет көрсету түрі жаңадан қосылды. Бұл мемлекеттік...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері қандай?

    Жауап

    Эпидемиялық мәні жоғары объектілерге және жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру -10 жұмыс күні, Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны беру- 13 жұмыс күні Маман сертификатын беру-10 жұмыс күні Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік қызмет көрсету талаптары салалық қандай нормативтік құжатпен реттелген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен реттелген. Сонымен қатар осы бұйрыққа Қазақс...

    ·
    Сұрақ

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтердің қандай түрлері көрсетіледі?

    Жауап

    Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (мемлекеттік қызметті аумақтық басқармалар көрсетеді) Қоршаған ортаға зиянды заттар м...

    ·
    Сұрақ

    Мектеп асханаларында газдалған сусындарды, фаст- фудтарды балаларға сатуға рұқсат бар ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының 7-тарау 119-тармақшасына сәйкес мектеп асханаларында газдалған сусын...

    ·
    Сұрақ

    Жұқпалы ішек ауруларынан қалай сақтануға болады?

    Жауап

    Жұқпалы ішек аурулары – жеке бас тазалығын және қоғамдық орындарда санитариялық –гигиеналық шараларды сақтамаған кезде жұғады. Ауру ластанған тұрмыстық заттар, ойыншықтар, емізік, лас қолдар арқылы, дұрыс өңделмеген, сапасыз тағам өнімдерін қолданған кезде, қайнамаған су ішкен жә...

    ·
    Сұрақ

    Вакцинадан бас тартқан жағдайда балам қызылшамен ауырып қалуы мүмкін бе?

    Жауап

    Қызылша - ауа-тамшылы жолмен жұғатын жұқпалы ауру. Вирус адамғатыныс алу, жөтелу, түшкіру және сөйлеу кезінде жұғады. Қызылшамен ауырған кезде дене қызуының көтерілуі,жалпы әлсіздік, бас ауруы, жөтел, мұрын бітуі, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), тамақтың а...

    ·
    Сұрақ

    Эхинококкоз ауруы қалай жұғады?

    Жауап

    Эхинококкоз– адамның бауырын, өкпесін және басқа органдарын зақымдайтын құрт ұрықтарының түсуінен пайда болатын паразитарлық ауру.Көзге әрең көрінетін жылауық құртының ұзындығы 2 мм-ден 1 см-ге дейін болады. Аурукөбінесе адамғааңдар мен ауыл шаруашылығы малдарынан және ит - мысық...

    ·