
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Н. Добровольских Успен ауданының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссиясының отырысына қатысты.
Отырыс барысында белгіленген квота шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу кезінде еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, сондай-ақ мәдениет және спорт ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша ұйым басшыларына еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.








