Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау кезінде процестік нормаларды сақтау мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Семинарды Департамент басшысының орынбасары Матаева Қарлығаш Болатбаевна ашып, әкімшілік іс жүргізу барысында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

    Семинар барысында Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Турикпенбаева А.Ш. баяндама жасап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау кезінде процестік нормаларды сақтау, әкімшілік іс жүргізудің құқықтық негіздері мен негізгі қағидаттары, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын дұрыс қолдану мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берді.

    Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріліп, тәжірибеде туындайтын өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары