ҚР ТЖ вице-министрі Ерболат Садырбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды

    ·
    ҚР ТЖ вице-министрі Ерболат Садырбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды

    Сапар барысында вице-министр стратегиялық маңызы бар «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» мен «КазАзот» АҚ нысандарын аралады.

    Кәсіпорын басшылары өндірістік қызмет пен нысандардың маңызы туралы баяндады. Сонымен қатар алдағы жылыту маусымына дайындық барысы, инженерлік желілердің техникалық жағдайы, жөндеу жұмыстарының орындалуы және даму жоспарлары талқыланды.

    Нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, объектілердің тұрақты жұмысын ұйымдастыру және күзгі-қысқы маусымға дайындық шараларын белгіленген мерзімде аяқтау маңызды екені атап өтіліп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары